Павлодарда спортзалдың төбесі опырылып түсті

Бүгін таңғы сағат 10.00 шамасында Павлодарда спортзалдың төбесі опырылды. Оқиға кезінде ғимаратта спорттық мекеменің жұмысшылары болған. Төбенің жарылғанын естіген олар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Төтенше жағдай Павлодардағы “Батыр” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс залында болған. Оқиға орнына құтқарушылар, туризм мен спортты дамыту басқармасының қызметкерлері келген. Аумақ қоршауға алынған, себебі одан әрі опырылу ықтималдығы жоққа шығарылмайды. Ғимаратта 13 бала болған. Алайда төтенше жағдай болғанға дейін олар қауіпсіз жерге шығарылған.