Педогог мамандығына түсу үшін 70 балл жинау керек

Бұл биылғы үміткерлер үшін шекті балл. Былтыр бұл көрсеткіш 60 балл болған деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген мерзімде өтеді. Түлектер 25 маусымнан бастап шілденің бесіне дейін 161 пунктте сынақ тапсырады. Аудиторияға кірер кезде бет-әлпеті арқылы тұлғаны сәйкестендіру құрылғысы қолданылады. Бұл биыл енгізілген жаңашылдық.

Одан бөлек әр пункттің алдында стационарлық тепловизор орнатылады. Санитарлық талап күшейтіліп, түлектерге тегін маска таратылады. Сынақ өтетін пункттерге ата-аналар кіргізілмейді. Сыртта да жиналып отыруға болмайды. Олар сынақ барысын онлайн бақылай алады. Қазір барлық пункт дайын тұр. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 132 мың адам өтініш берген.