Қазақстанда мамыр айында індеттің екінші толқыны басталды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

“Елде коронавирустың бірінші толқыны сәуір айының екінші жартысында шарықтау шегіне жетіп, ауру жұқтырғандардың саны артты. Мамыр айының ортасында індет жұқтырғандардың саны қайта өсті. Бұл коронавирустың екінші толқыны басталғанын білдіреді” деді министр.

“Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет” деп атап көрсетті Біртанов. Айта кетейік, елде коронавирус жұқтырудың 12 124 дерегі тіркелді. республика бойынша індеттен 52 адам қайтыс болды.