Алматыда құрылыс дүкені отқа оранды

Қызыл жалынды сөндіру кезінде өрт сөндіруші зардап шекті. Дүкен жеке үйдің ауласында орналасқан. Жалын үйдің шатырына таралып үлгерген.Тілсіз жау 290 шаршы метр аумақты шарпыды деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар депаратаментіндегілер. Жалын толық сөндірілді. «Өрт сөндірушілер дүкеннің оңтүстік және солтүстік жағында орналасқан екі жеке тұрғын үйді оттан қорғап қалды». Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қолынан жарақат алған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.