Полиция бөліміндегі адам өлімі: Даниал Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болған Мақаншы ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірнеше күн бұрын мал ұрлады деген айыппен тұтқындалған ер адамның қайтыс болуына полиция қызметкерлері кінәлі деп күдіктелуде.

Аймақ басшысы қайтыс болған Азамат Оразалының анасы мен туыстарына көңіл айтты.

“Марқұмның ата-анасы мен барлық туыс, бауырларына және достарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл жағдай үкімет басшысының жеке бақылауында екенін ерекше атап өткім келеді”, – деді Үржар ауданына жасаған сапарын қорытындылаған Ахметов.

Әкімнің айтуынша, қазір облыста полиция департаментінің бастығы мен облыс прокуроры бастаған арнайы топ жұмыс істеп жатыр.

“Бұл істің сотқа дейінгі тергеуі заң аясында мейлінше ашық және жариялы түрде жүргізілетіндігіне сендіремін. Жақын күндері ауданға тағы да келемін. Қылмыскерлер заңда белгіленген жазасын алады. Бұл менімен кездесуге келген Қаратұма және Мақаншы ауылындағы ақсақалдар мен тұрғындардың басты өтініші, – деп жазды Ахметов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

View this post on Instagram

Құрметті жерлестер! ⠀ Бүгін жұмыс сапарымен Үржар ауданына арнайы бардым. Осыдан бірер күн бұрын Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде қайтыс болған марқұм Азамат Оразалының анасына, отбасына барып көңіл айттым. Тас түскен жеріне ауыр, сондықтан туған-туыс, бауыр, жора-жолдастарының қайғыларына ортақ екенімізді, бұл жағдай Үкімет басшысының жеке бақылауында екенін жеткізгім келеді. ⠀ Қазір ауданда облыс прокуроры, Полиция департаментінің басшысы бастаған арнайы топ тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы заң талабына сай, әділ, ашық және жариялы түрде өтеді. Мен алдағы күндері ауданға тағы да келемін. Кінәлі тұлғалар заң бойынша қарастырылған жазасын алады. Кездесуге келген Мақаншы және Қаратұма ауылдары ақсақалдары мен тұрғындарының талап-тілегі де осы. ⠀ ___ ⠀ Уважаемые земляки! ⠀ Сегодня с рабочей поездкой посетил Урджарский район. Навестил мать и семью погибшего в отделении полиции села Маканчи Азамата Оразалы. Приношу самые глубокие соболезнования всем его родным, близким, братьям и друзьям. Особо хочу подчеркнуть, что данная ситуация находится на личном контроле Главы Правительства. ⠀ В настоящее время в районе работает специальная группа во главе с начальником Департамента полиции и прокурором области. Уверяю, что досудебное расследование этого дела будет проведено максимально открыто и гласно в рамках закона, я в ближайшие дни ещё раз приеду в район. Виновные лица получат наказание, предусмотренное законом РК. Это и является главной просьбой аксакалов и жителей сел Каратума и Маканчи, которые пришли на встречу со мной.

A post shared by Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official) on