Тоқаев мәжіліс сайлауы күнін белгіледі

Қазақстанда мәжіліс сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Сәрсенбі күні Ақорда сайты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәжіліс депутаттарының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

Тоқаевтың сайлау жайлы үндеуінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалғаны да айтылған.

“Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды” делінген хабарламада.