“Полициямен келіп, мәжбүрлемейді”: Статистикалық бюро басшысы халық санағы жайлы айтты

Ұлттық статистика бюросының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтар халық санағынан өтуге мәжбүр бола ма деген сұраққа түсініктеме берді. Бүгін интервьюерлер сауалнама толтыру үшін азаматтардың үйіне баратын кезең басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Нұрболат Айдапкелов бүгінгі таңда 6,4 миллионнан астам адам немесе халықтың 33,8 пайызы онлайн-санақтан өткенін айтты. Ол сондай-ақ 1 қазаннан бастап халық санағы мақсатында аулаларды аралау кезеңі басталатынын және бұл кезең 30 қазанға дейін созылатынын айтты.