Тоқаев тікұшақпен Шығыс Қазақстан облысына ұшып келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы өз Facebook парақшасында жазды. “Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді”, – деп жазған Уәли.