Президент Қапшағай қаласына Қонаев атын беруді қолдауға әзір екенін айтты

Бұл туралы мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты. “Біз ұлан-ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы, Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын”, – деді Президент. Айта кетейік, Қапшағай-Алматы облысында, Алматы қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан қала. Шаһар 1970 жылдары құрылған.