Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа маңызды үндеу жасады

Мемлекет басшысы қолайсыз ауа-райында адамдарды құтқарып қалған отандастарға алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадан бері елде қолайсыз ауа райы сақталып келеді. Қарлы боран мен нөлден төмен температура отандастар үшін көптеген қолайсыздық туғызып жатыр. “Сын сәтте Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды”, – деп жазылған ресми ақпаратта.