Қытайда тағы бір жерасты дүмпуі болды

Сейсмикалық стансалар желісі жер жілкінісін бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:34-те тіркеді. Оқиға ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,9 балл. Жер дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ.