Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметте ауыс-түйіс болатынын мәлімдеді

“Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша жаңа жылдың басында үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы, үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті”, – деді Тоқаев.