Екібастұздықтар тағы жылусыз қалды

Қалада көпқабатты және жеке үйлер жылу желілерінің бұзылуына байланысты жылудан ажыратылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты жазды. “Екібастұзтеплоэнерго” ЖШС хабарлауынша, ақау Момышұлы көшесі, 69 үйге қарай тартылған орамішілік жылу желісінде болған. Зақымданған құбырды жөндеуге бірнеше сағат қажет.”Осыған байланысты 29 желтоқсан күні таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 17.00 аралығында көшедегі көпқабатты тұрғын үйлерде жылу берілмейді”, – делінген хабарламада.