Президент Мемлекеттік күзет қызметкерлерін құттықтады

Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. «Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды, шетелден келген мәртебелі меймандарды қорғау оңай жұмыс емес. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Бұл 30 жыл ішінде қалыптасқан игі дәстүр, сабақтастық екені сөзсіз. Бүгінде Күзет қызметінің әлеуеті орасан зор. Жауынгерлік техникалық және жедел әрекет ету мүмкіндіктері мол. Шын мәнінде, Мемлекеттік күзет қызметін нағыз патриоттардың ұжымы деуге болады. Ең жауапты сәтте Отан үшін аянбай, адал қызмет етіп келесіздер», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.