Qurban2020.kz сайты іске қосылды

Qurban2020.kz сайты іске қосылды. Сайт арқылы құрбан шалуға онлайн тапсырыс беруге болады. Халық онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасайды. Қаласа фото және бейне есебін сұрата алады. Жаңа сайт қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетеді. Еске сала кетсек, елдегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, 31 шілде күні Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды.