Түркістан облысында жол апатына түскен жолаушылар жансақтау бөлімінде жатыр

Түркістан облысында жол апатына түскен жолаушылар жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстың қоғамдық денсаулық басқармасындағылар осылай деп мәлімдеді. “25 адам медициналық көмекке жүгінген. Сегіз адам Сайрам аудандық ауруханасына жатқызылды.

Үшеуі жансақтау бөлімінде, екеуі облыстық клиникалық ауруханаға жіберілді. Тағы үшеуі облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бәрінің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында”, – деді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Төлеген Құралбаев. Еске салайық, Түркістан облысында 21 адам отырған жолаушылар автобусы аударылып кеткен болатын.