Бірлестіктің мәлімдеуінше, препараттың тиімділігі екпемен бірдей. Бірақ алғашқы вакцинаға қарағанда жұмсақ әсер етіп, жеңіл қабылданады. «Генериум» компаниясының өкілдері, билік вакцинаның жаңа түрін 6-8 айдан кейін тіркеуге рұқсат береді деп үміттеніп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі екпенің екінші сынағын өткізуге қазан айында рұқсат берген. Оған 500 ерікті қатысып,сынақ жыл соңына дейін жалғасады.