Ресейге қарсы санкциялар азық-түлік бағасына әсер етті – сенат төрағасы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев азық-түліктің қымбаттауына себеп болған негізгі факторды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бағалар көтерілді. Өкінішке қарай, геосаяси жағдай, батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары кері әсерін тигізді. Логистика және тағы мәселелер бар”, – деді Әшімбаев. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы инфляция 8,7 проценттен 12-ге дейін көтерілді. Азық-түліктің қатты қымбаттағаны байқалады. Айта кетейік, бұған дейін импорттық өнімнің басым бөлігі Ресей арқылы жеткізілген.