Жеке сот орындаушылары туралы заң жобасы мақұлданды

Енді Жеке сот орындаушылары істі жүргізу кезінде бұған дейін әріптестері қабылдаған шешімдердің күшін жоя алады. Бұл«Хабар 24» хабарлайды. Құжатқа сәйкес, жеке сот орындаушылары борышкерлерді себепсіз мазалап, шақыра алмайды. олар іс қозғағанда қаулының көшірмелерін жіберуге міндеттеледі. Айта кетерлігі, былтыр бүкіл ел бойынша жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты 13 мыңнан астам шағым түскен. Солардың негізінде 17 маман жұмыстан шығарылса, тағы 50-інің лицензиясы тоқтатылды. Арасында азаматтардың электронды цифрлық қолтаңба сертификатын коллекторларға бергендер де болған.