Сапарбаев Байзақ ауданындағы жарылыстан кейін жоғалған азаматтың отбасына неліктен өтемақы берілмегенін түсіндірді

Оның айтуынша, бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен құрылған комиссия жұмысы әлі аяқталған жоқ. “Комиссия “дүниеден өткен” десе, сонда ғана әлеуметтік төлем төйлейміз. Оған қаржы қарастырылған. Жарылыста қаза тапқандардың отбасына төленген әлеуметтік төлем көлемінде беріледі”, – деді Бердібек Сапарбаев. Еске сала кетейік, биыл 26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада өрт басталып, кейін 10 жарылыс болған. Соның салдарынан 17 адам қаза болды.