Сардоба су қоймасындағы апаттың негізгі үш себебі аталды. Өзбекстанның бас прокуратурасы осылай деп мәлімдеді. Айтуларынша, қойманың жобалық құжатында, құрылысты жүргізу мен қолданысқа беру кезінде қателіктер жіберілген. Қазір қойма құрылысына жауапты 9 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, барлығы қамауға алынды.