Серік Күдебаев ауруханаға түсті

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сот кейінге шегерілді. Генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім 10 наурызда шығуы керек еді. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров хабарлады. Күдебаевтың қандай диагнозбен ауруханаға түскені айтылмайды. Оған “билікті немесе лауазымды асыра пайдаланды” деген айып тағылып отыр. Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша оған орташа қауіпсіздік колониясында тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.