Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің мән жайы белгілі болды

Заңгер Олег Чернов пен оның әйеліне Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен төбелес бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады. Қадағалаушы прокурор оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жазбаша нұсқау берді. Еске салайық, Алматыда әскери қызметкер заңгерді соққыға жыққан болатын. Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық прокуратураға жіберілді.