ШҚО-да өрттен миллиард теңгеден астам шығын келген

Бұл туралы облыстық орман инспекциясы мәлімдеді. “Өрттің Нақты себебін анықтау үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды”, – деді инспекция. Еске салайық, қыркүйекте болған орман өрттерінің жалпы ауданы 11 мыңнан аса гектарға тең, оның 6500 гектары орманды алқап. Ал өртті сөндіруге 31 миллион теңге жұмсалды.