Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов елдегі майнинг қызметі қалай реттелетінін түсіндірді

«Майнинг қызметін жүргізетін компанияны тіркеу, майнингпен айналысатын компаниялардың тәртібі анықталды, қазір олар Цифрлық даму министрлігіне хабар береді. Олар өз компаниялары, құрылтайшылары, өндіріс алаңы, жұмыс істейтін майнинг фермасы туралы мәліметтерді ұсынады, сатып алынған, жеткізілген жабдықтардың баж салығы төленген-төленбегенін көрсетеді. Яғни, толық ақпарат беріледі және бұдан былай майнинг тек қана осылай жұмыс істейді», – деді вице-министр. Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Қазақстанның цифрлық активтері туралы» заң мен 4 ілеспе заң жобалары мақұлданды. Заңға сәйкес, Қазақстанда майнерлер салық төлеуге міндеттеледі.