Ұшақпен тегін саяхаттайтын балалардың саны артады

Мәдениет және спорт министрлігі “Kids Go free” бағдарламасы бойынша ұшақпен тегін ұша алатын балалардың саны 2 мыңға дейін артатынын хабарлады. Былтыр Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алған болатын. “Биыл біз 2000 балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейміз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндік. Сонымен қатар Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды”, – дейді министр Асхат Оралов.