“120 мың теңге неге жетеді?”: Таразда жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етті

Жамбыл облысының орталығында “Таразэнергоорталығы” мекемесінің жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Мекеме ғимаратының алдына ондаған адам жиналып, наразылығын білдірді, деп хабарлады Almaty.tv. Басты талап – жалақыны кем дегенде 30 пайызға көтеру. Қызметкерлердің айтуынша, қазір олар 100-120 мың теңге ғана алады. Бірақ ол күнкөріске жеткіліксіз. Ал мекеме басшылары биыл жалақының мөлшері 10 пайыз өскенін айтып, жұмысшыларды сабыр сақтауға шақырды. Қызметкерлердің өтінгеніндей айлықты 30 пайыз көтеруге мүмкіндік жоқ, себебі жалақы мөлшері тариф құнына тәуелді көрінеді.