Талдықорған жақта жүк көлігі жаяу жүргіншіні басып кетті

Жетісу облысында жүк көлігінің жүргізушісі артындағы адамды байқамай басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қайғылы оқиға “Алматы-Өскемен” тас жолының 272-шақырымында болған. MAN маркалы жүк көлігі жолдың жиегінде тұрған. Артында 61 жастағы ер адам болды. “Жүк көлігінің жүргізушісі оны байқамай, артынан жүргенде басып кетті”, – дейді полицейлер. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бірақ ауруханаға барар жолда жәбірленуші қайтыс болды. Қазіргі кезде Талдықорған полицейлері тергеу шараларын бастады.