Шымкентте Тоқтар Төлешовтың меншігінде болған ғимарат мемлекетке берілді

“Фосфоршылар” мәдениет үйі бірнеше жылдан бері қараусыз бос тұрған. Бұған дейін нысан “Дархан Групп” ЖШС-нің жеке меншігінде болған. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды. Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жүргізіледі.