Алматыда 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салынды

Екінші деңгейлі банктерде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы бұзылған. Оны Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы анықтады. “Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сай келмейтінін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ…”,-деді Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. Барлық банкке бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдарға көзделген жағдайларды жасау туралы ұйғарымдар берді. Қосымша ақпар, Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.