Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған ер адаммен селфиге түскен полицей жұмыстан қуылды.

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған ер адаммен селфиге түскен полицей жұмыстан қуылды. Қазір ауыр қылмыс жасаған күдіктімен селфиге түскен полицейге қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр деп хабарлайды Sputnik. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сурет күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде қызметтік көлікте түсірілген. Департамент басшылығы учаскелік инспектордың бұл әрекетін офицерге лайықсыз деп бағалады. Қызметтік тексеріс нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен полицей өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарағаны, қызметтік дисциплинаны бұзғаны және Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен алынды. Еске салайық, осыған дейін Шымкентте подъезде зейнеткерді зорламақ болған азамат видеоға түсіп қалған еді.