Талдықорғанда қалалық шыршаны безендіруге 13 млн 600 мың теңге бөлінді

Талдықорғанда қалалық шыршаны безендіруге 13 млн 600 мың теңге бөлінді. Бір қызығы, бұл қаржыға жаңа шырша сатып алынбайды екен. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасындағылардың айтуынша, қалаға былтыр пайдаланылған 3 шырша орнатылған. Ал бөлінген қаржыға орталықтағы жаяу жүргіншілер жолы мен саябақтарға сәнді жарықшамдар ілініп жатыр. Мамандардың айтуынша, қаладағы жаңа Арбатқа жұлдызды аспан жасалынды. Одан бөлек, жұлдызды тоннель болады дейді.