Шымкенттік полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Базар жағалап, жаңғақ сатқан әжеге қатысты қызметін асыра пайдаланған екі полицей тәртіптік жазаға тартылды. Олар бүгін кешірім сұрады. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қос қызметкер кейуананың телефонын тартып алып, дауыс көтерген. Бұл қалың жұрттың наразылығын тудырды. Тәртіптік кеңестің отырысында әжейдің полицейлердің әрекетіне шағымы жоқ болғанымен, тәртіп сақшылары жауапкершіліктен құтылған жоқ.