Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетіне байланысты болжам айтты

Қараша айында коронавирус қайта күшейіп, бір тәулікте 1800 қазақстандық коронавирус індетін жұқтыруы мүмкін. Ал желтоқсанда бұл көрсеткіш 2350-ге жетуі ықтимал. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі осындай болжам жасады. Алексей Цойдың айтуынша, жағдай тұрақты болса, бір күнде тіркелетін науқастар саны 1 жарым мыңнан аспайды. Осы орайда министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, эпидемиологиялық ахуалды жіті бақылайды. Айта кетерлігі, соңғы 2 ай ішінде коронавирус індетін жұқтыру дерегі 4 жарым есе азайды.