СІМ Ыстамбұлдағы жарылыс құрбандарының арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр

ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес берді. Ыстамбұл орталығындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 81-ге жеткен. Бұл туралы Түркия вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді. Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды.