Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлайды. Сәтбаев аудандық соты лаңкестік топтың құрамында болған тұрғынды кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ* (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) құрамында болғанын тергеу анықтады. Нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, ҰҚК жасағы шетелдік серіктестердің көмегімен оны 2023 жылдың маусым айында Қазақстанға жеткізген.Үкім заңды күшіне енді.