Әскерге барған сарбаздар жылына кемінде 5 кітап оқуға міндетті болады

Әскерге барған сарбаздар жылына кемінде 5 кітап оқуға міндетті болады.

Еліміздің Қарулы Күштерінде осындай жаңа талап енгізілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл бастама оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде әскери бөлімдерде 322 кітапхана жұмыс істейді, олардың қорында 250 мыңнан астам басылым бар.

Министрлік әскери қызметшілердің рухани дамуына ерекше мән берілетінін атап өтті.