Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша соталды тергеу басталды. Бас әскери прокуратура осылай деп хабарлады. “Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр. 8 қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.