Алматы “сары” аймаққа өтті

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. 16 маусымнан бастап Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артқан еді. Зерттеулер бойынша бүгінде COVID-19 жұқтырғандар санының артуына стелс-омикрон әсер еткен. Өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда қосымша шаралар қабылданды: науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру; Екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру; жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу; 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну. Аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.