Иранда қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыстардан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Иран билігінің мәліметінше, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Елшілікке мұндай ақпарат түспеді”, – деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. Еске салайық, жексенбіге қараған түні Ирандағы әскери инфрақұрылым нысандарында бірқатар күшті жарылыс болып, бірнеше қалаларда әуе шабуылы туралы ескерту жарияланған.