Сот банктің Игорь Дужновтың әйеліне қатысты талабын қанағаттандырмады

Банк алматылық атқыш отбасының мүлкін пайдалануға кедергі жасамауды сұрады, – деп хабарлайды Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі. Сот мәліметінше, бұған дейін банк Дужновтың әйелі Анаид Демирчянның кепілге қойылған мүлікін аукционда жеңіп алған. Оған жер телімі бар тұрғын емес үй-жай тиесілі. Биыл 30 сәуірде банк бұл нысанға меншік құқығын тіркегені айтылды. ” Демирчян банкке меншік иесі ретінде тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға кедергі келтіретіні туралы сотқа ешқандай дәлел келтірілмеген”, – деді аудандық соттың баспасөз қызметі өкілдері.