Сотта Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды талап етті

Экс-министр қорғаушысының бірі Лейла Рамазанова зардап шеккен тараптың қорғаушысына осындай ескерту жасады. Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова: «Өкініштісі, бұл тұрғыда басқа сөз таба алмаймын”, – деп жауап берді. Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отыр.