Түркия орталығында тағы жер сілкінісі тіркелді

Оның магнитудасы 5,3-ке тең. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы осылай деп хабарлады. Деректерге сәйкес, жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 9.13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Гельбаши ауданынан бес шақырым жерде орналасқан. Ошақ екі шақырым тереңдікте анықталған. Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірнеше жер сілкінісі болды. Сирияның бірқатар провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7,8 болды.