Түркияда жер сілкінісіне байланысты 7 күндік аза тұту күні жарияланды

Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Оның айтуынша, аза тұту жариялануына байланысты Түркия бойынша және елдің шетелдегі өкілдіктерінде мемлекеттік тулар жексенбі, 12 ақпанда күн батқанға дейін төмен түсіріледі.