Түркістан облысында карантин ұзартылды

Түркістан облысында карантин ұзартылды. Мұндай шешімді аймақтың бас санитария дәрігері Нұрбек Нышанов шығарды деп хабарлайды 24.kz.

Соған сәйкес, саябақтар мен алаңдарда адамдардың жүруіне болмайды. Бұған қоса, барлық базардың жұмыс кестесі қысқартылды. Олар аптасына 6 күн бойы таңғы оннан кешкі беске дейін қызмет көрсетеді. Дәл осындай талап халыққа қызмет көрсету орталықтарына енгізілді.

Ал бассейн, жағажай, монша сияқты демалыс орындарына кешкі сегізге дейін баруға болады. Қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер кестесінде де өзгеріс бар. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің 75 проценті қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді.