Таиланд туристік виза алу тәртібін өзгертті

Таиланд туристік виза алу тәртібін өзгертті. Жаңа арнайы туристік визаны алу үшін талап етілетін сақтандыру мөлшері азайтылды деп хабарлады The Phuket News.
Енді сақтандыру амбулаториялық емделуді 40 мың бат (1274,5 доллар), ал стационарлық жағдайда емделуді 400 мың бат (12 745 доллар) мөлшерінде жабуы тиіс. Бұған дейінгі талаптарға сәйкес Таиландқа келетін шетелдіктер медициналық шығындарды қоса санағанда кем дегенде 100 мың АҚШ доллары мөлшерінде сақтандыру төлемдерін сатып алуға міндетті болған. Айта кетсек, Таиландқа коронавирустың таралуы жағынан қауіпсіз деп санайтын елдерден ғана туристер бара алады. Одан бөлек, олар 14 күндік карантиннен өтуі керек.