Шымкентте дезинсекторға сот үкімі шықты

Шымкентте дезинсекторға сот үкімі шықты. Ол үш баланың өліміне кінәлі деп айыпталған. Зиянкестерді улаймын деп балақайларды бақилық қылған азамат енді 5 жылын темір торда өткізеді деп хабарлайды ktk.kz. Жеңіл жазаны судья сотталушының кәмелетке толмаған балалары мен қылмысты абайсызда жасағанын ескеріп тағайындаған. Дезинсектор өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімімен оның жақындары да келіспей отыр.