Талғарда 20 жастағы қыз дәрігердің қабылдауынан кейін көз жұмды

Талғарда 20 жастағы қыз дәрігердің қабылдауынан кейін көз жұмды.

Нигина Джагипарова 10 қаңтар күні өзін нашар сезінгендіктен Талғар орталық аудандық ауруханасына барған. Алайда дәрігердің қабылдауынан үйіне оралған соң бір сағаттан кейін тіл тартпай кеткен.

Медицина қызметкерлерінің қойған алдын ала диагнозы — ошақты пневмония. Науқастың жағдайына қарамастан дәрігерлер оны бақылауға алмай, «пульмонолог дәрігерге барыңыз» деп үйіне қайтарып жіберген.

Нигинаның жақындары істің жан-жақты тергелуін талап етіп отыр. Сондай-ақ олар құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Туыстары тәуелсіз сарапшыға да жүгінген. Қылмыстық іс қозғалды.

«Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында медициналық қызметкерлердің медициналық көмекті тиісінше көрсетпеу дерегі бойынша әрекеттеріне тиісті тексеру жүргізіледі», — деп мәлімдеді полиция департаменті.