Таиландта катер апатынан 8 қазақстандық азамат зардап шеккен.
«Оларға медициналық көмек көрсетілді. Үш қазақстандық азамат ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі ауруханадан шығарылды. Екі азамат ем қабылдап жатыр, жағдайлары тұрақты, оңалып келеді. Барлық медициналық шығынды сақтандыру компаниясы өтеп жатыр. Елшілік азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп жатыр», — делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Қайғылы оқиға Пхукет аралының маңында болған. Серуенге арналған катер балық аулау кемесімен соқтығысқан. Катер бортында үш экипаж мүшесі мен 52 турист болған, олардың ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары бар.
Төтенше қызмет өкілдері 23 туристі ауруханаға жеткізген. 18 жастағы Ресей азаматы ауруханада көз жұмды. Қазір Таиланд билігі тергеуді бастады.
Айта кетейік, бұл туристік компанияға тиесілі катерлер бұған дейін де бірнеше рет апатқа ұшыраған.
