Министр жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатынын айтты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие сәуірдің аяғынан бастап жұмыс істейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Жеңілдетілген автонесие деп автокөліктер 10 миллион теңгеге дейін қаржыландырылады дегенді айтып отырмыз. Бірақ көлікті одан да қымбатқа сатып алуға құқығыңыз бар, бірақ айырмашылықты өз қаражатыңыздан төлейсіз. Сәуірдің аяғына қарай шешім қабылдаймыз деп ойлаймын, 4 пайыздық жеңілдікпен несие беру болады”, – деді министр. Сондай-ақ, ол азаматтардың көлік бағасының күрт өсуіне қатысты алаңдаушылығы туралы пікір білдірді. “Әзірге қазақстандық көліктер бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ баға күн сайын көтеріліп жатыр, сондықтан ертең баға қандай болатынын айту қиын”, – деді Өскенбаев.